in

Ақтөбе облысында жол жабылды

ҚазАвтоЖол Ақтөбе облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«2026 жылғы 4 ақпан сағат 01:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автожолының 104-250 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қандыағаш қаласынан Қарауылкелді елді мекеніне дейін) көліктің барлық түріне шектеу қойылады», – делінген хабарламада. 

Жолды 2026 жылғы 4 ақпан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.