in

Бірінші сыныпқа қабылдау: қазақстандықтар жаңа платформа арқылы өтініш бере алады (видео)

Қазақстанда бірінші сыныпқа өтініштер жаңа OQU білім беру платформасы арқылы қабылданатын болады. Ата-аналар 27 мамырдан бастап құжаттарды онлайн режимде кезең-кезеңімен тапсыра алады, деп хабарлайды astana24.com eGov сайтына сілтеме жасап.

2026 жылы 1-сыныпқа өтініш қабылдау OQU Ұлттық білім беру платформасы – oqu.edu.kz арқылы жүзеге асырылады. Жаңа платформада пайдаланушылар өтініш беріп, мектепті таңдап, қызмет көрсету үдерісін қадағалай алады.

Азаматтарға қолайлы болу үшін сервис eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасының басты беттеріне жарияланды. Қызметті алу үшін пайдаланушы oqu.edu.kz платформасына өтіп, бейненұсқаулыққа сәйкес eGov порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы авторизациядан өтуі қажет.

Өтініштерді қабылдау аймақтар бойынша кезең-кезеңімен 27 мамырдан басталып, 2026 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бірінші сыныпқа биыл 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толған балалар, сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша күнтізбелік жылдың соңына дейін 6 жасқа толатын балалар қабылданады.

Аймақтар бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау кестесі: