in

Бүгін еліміздің ірі қалаларында күн бұлттанып, жаңбыр жауады

Астана, Алматы мен Шымкентте 3 мамыр күні ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,3 м/с болмақ.

Астанада күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 17 градус, 8 градус болады. Желдің жылдамдығы – 4,3 м/с болады.

Шымкентте бүгін жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағаны 21 градус, түнде 13 градус болады. Желдің жылдамдығы 3,5 м/с деңгейінде болмақ.