in

Еліміздің төрт өңірінде күн 37 градусқа дейін ысиды: синоптиктер ескерту жариялады

"Қазгидромет" мамандары еліміздің 15 өңірінде 8 маусым, дүйсенбідегі ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды astana24.com.

Синоптиктердің мәліметінше, 8 маусымда, түстен кейін Ұлытау облысының батысында, солтүстінде аздаған жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-37 градус ыстық болады деп күтілуде. Жоғары өрт қаупі сақталады.

8 маусымда, күннің екінші жартысында Қарағанды облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35-36 градус ыстық болады күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 35 градус ыстық болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тауда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда нөсер, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 35 градус ыстық болады. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.