ІІМ азаматтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды, деп хабарлайды astana24.com Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, алаяқтар жасөспірімдерден sim-карталар мен аккаунттар алып, оларды өз мақсаттарына пайдалануда. Полиция мұндай әрекеттер қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланатынын ескертті.
"Кәмелетке толмағандардың материалдық сыйақы алу мақсатында әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды іске қосып, оларды әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге тіркеп, кейін басқа адамдарға беру жағдайлары тіркелуде.
Қаскөйлер бұл аккаунттарды азаматтарға алаяқтық қоңыраулар жасау үшін пайдаланады. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі аккаунттарды тіркеу және оларды бөгде адамдарға беру алаяқтық пен өзге де заңсыз әрекеттерді жасау құралына айналуы мүмкін. Қазақстан заңнамасына сәйкес мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде қаралады", – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бейбіт Біржанов.
ІІМ азаматтарды:
Полиция цифрлық кеңістіктің барлық қатысушысына қырағы болуды ескертті.
