Бүгін Өскеменде қатты нөсер жауып, салдарынан қала көшелерін су басты. Қалалық әкімдік су сору жұмыстарының барысы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды astana24.com.
Өскемен тұрғындары әлеуметтік желілерде бүгін қалада болған нөсер жауынның салдарын көрсететін видеоларды бөлісуде.
Кадрлардан облыс орталығының көшелерін су басқаны көрінеді, әсіресе діттеген жеріне жете алмай қалған жүргізушілер әбігерге салынды. Видеодан кейбір көліктер суға батқаннан кейін істен шығып, тіпті өртенгенін байқауға болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Усть-Каменогорск|Oskemen (@oskemenlive)
Қала тұрғындарының кейбірі көліктен шығып, су кешіп жаяу жүруге мәжбүр болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Өскемен | Усть-Каменогорск (@ilove_oskemen)
Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметі қатты жауынға байланысты қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын, қазіргі уақытта су басқан аумақтардан жауын суын сору жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазіргі таңда жұмыстар мына мекенжайлар бойынша жүргізіліп жатыр:
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Өскемен | Усть-Каменогорск (@ilove_oskemen)
Жауапты қызметтер жағдайды бақылауда ұстап, қаланың су басқан учаскелерінде су сору жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп жатқаны хабарланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@oskemen_akimdigi)
