in

Алматыда жылу қашан берілетіні белгілі болды

Алматыда жылыту маусымы 9 қазанда басталады. Алайда қала тұрғындарының үйлеріне жылу сәл кейінірек беріле бастайды, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған astana24.com.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты жылу беру маусымы әдеттегіден ерте басталады.

Қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен 9 қазаннан бастап мегаполисте орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіледі.

"Бірінші кезекте жылу әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Тұрғын үйлерді жылуға қосуды 10 қазаннан бастау жоспарланып отыр.

Жылу берілгеннен кейін ПИК және МИБ мамандары үй ішіндегі жүйелерді реттеу жұмыстарын жүргізеді – радиаторлар мен құбырлардан ауаны шығарып, қысымды реттеп, пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді", – делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдері "Алматы жылу желілері" ЖШС қысқы кезеңге дайындықты аяқтағанын атап өтті. Ықтимал ақауларға жедел ден қою үшін материалдар мен жабдықтардың апаттық қоры жасақталған.

2026-2027 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық-жөндеу бригадасы кезекшілік етеді – барлығы 220 маман және 56 техника жұмылдырылады.