in

Астанадағы қиылыстардың бірі түнде жабық болады

Астанада жол жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қала қиылыстарының бірі 17-18 мамыр аралығында жабық болады, деп хабарлайды astana24.com қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің Telegram арнасында жария болған ақпаратқа сәйкес, Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автокөлік қозғалысы уақытша толық жабылады.

"Шектеулер 17 мамыр сағат 16:00-ден 18 мамыр сағат 09:00-ге дейін енгізіледі. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", – делінген Астана әкімдігінің хабарламасында.