in

Бүгін ел мегаполистерінің бірінде -3 градусқа дейін күн суытады

Синоптиктер жұма, 23 қазанда Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде +2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с.

Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +2 градусқа дейін көтеріліп, түнде -3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,3 м/с.

Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы +19 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 8,9 м/с.