21 қыркүйекте Астана, Алматы мен Шымкентте күн қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +26 градусқа дейін көтеріліп, түнде +15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
Астанада күн ақша бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +23 градусқа дейін көтеріліп, түнде +11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,7 м/с.
Шымкентте бүгін жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы +31 градусқа дейін жетіп, түнде +15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.
