30 шілдеден бастап "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск" автожолының учаскесінде қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖолға" сілтеме жасаған astana24.com.
Ұлттық компанияның мәліметінше, Алматы облысындағы республикалық маңызы бар "Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск" автожолының 19+300 шақырымындағы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 2026 жылғы 30 шілде мен 25 тамыз аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы арнайы ұйымдастырылған айналма жолдар арқылы жүзеге асырылады.
Жол қозғалысына қатысушыларды ақпараттандыру мақсатында учаскеде тиісті уақытша жол белгілері орнатылады", – делінген хабарламада.
