in

"Осы белгілерді байқасаңыз, көлікті тоқтатыңыз": ІІМ қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасады

Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілерге үндеу жасап, қысқа мерзімді ұйқының қаншалықты қауіпті екенін еске салды, деп хабарлайды astana24.com.

ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында жүргізушілерге қысқа мерзімді ұйқының қаупі туралы ескертті.

Ведомство өкілдері көлік жүргізу кезінде шаршау мен ұйқының қысуы жол қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіретінін еске салды. Құзырлы органдағылардың айтуынша, әсіресе жүргізушінің бірнеше секундқа еріксіз қалғып кетуі аса қауіпті.

"Мұндай құбылыс қысқа мерзімді ұйқы деп аталады. Бұл кезде адамның көзі ашық болғанымен, миы бірнеше секундқа ұйқыға кетіп, жүргізуші көлікті басқара алмай қалуы мүмкін.

Мәселен сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автокөлік небәрі 3 секундта шамамен 83 метр жол жүреді. Осы уақыт аралығында жүргізушінің жолдағы жағдайды бақыламауы ауыр жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін", – дейді олар.

Қысқа мерзімді ұйқының басты қауіпі – адамның өзінің қалғып кеткенін байқамай қалуы. Ал кофе ішу, музыканы қатты қосу немесе көлік терезесін ашу шаршауды толық басып, ұйқының алдын ала алмайды.

Рульде ұйқы қыса бастағанын қалай білуге болады:

"Егер осы белгілерді байқасаңыз, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, демалыңыз. Ұйқыны жеңуге тырысып, жолды жалғастыру өзіңізге де, өзгелерге де қауіп төндіреді", – делінген хабарламада.

Полиция жүргізушілерді жолда сақ болуға, шаршаған немесе ұйқы қысқан жағдайда рульге отырмауға, ұзақ жолға шығар алдында жеткілікті демалып, сапар барысында үзіліс жасап отыруға шақырды.