in

"Қазатомөнеркәсіптің" тағы бір топ-менеджері қызметінен кетті

"Қазатомөнеркәсіптің" сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов 26 қарашада өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлады astana24.com компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазатомөнеркәсіп" атом компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Сағындықов Дархан Танатұлы 2026 жылғы 26 қарашадан бастап Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор қызметінен өз еркімен кетті.

"Оның өтініші негізінде және корпоративтік процедураларға сәйкес, Компанияның Директорлар кеңесінің шешуімен Дархан Сағындықовтың Қазатомөнеркәсіп Басқармасының мүшеcі ретіндегі өкілет мерзімі тоқтатылды", – делінген компания хабарламасында.

"Қазатомөнеркәсіп" өкілдері өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатқанын мәлімдеді, ал міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу жөніндегі ішкі рәсімдерге сәйкес аталған позицияның функционалдық міндеттемелері Компания басшылығы арасында қайта бөлініп, атқарылатын болады.

"Қазатомөнеркәсіптегі" ұстау

Еске салсақ, бұған дейін ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" басқармасының мүшесі Қуаныш Омарбековтің, сондай-ақ басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар "Қазатомөнеркәсіптің" баспасөз қызметі директорлар кеңесінің 24 қарашадағы шешімімен "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Ерханұлы Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Алтынбекұлы Омарбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады.

Бұдан бөлек, Қуаныш Омарбеков туралы не белгілі екенін жазған едік.

Кейін "Қазатомөнеркәсіптің" баспасөз қызметі басқарманың бұрынғы мүшесі Қуаныш Омарбеков ұсталғаннан кейін АҚ тергеумен ынтымақтасып жатқанын мәлімдеді.