Мемлекет басшысы Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Токаев Байрам Бегайды елдің Тәуелсіздік күнімен құттықтады, бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com хабарлады.
Қазақстан президентінің ресми сайтында хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ықпалдастық одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал Албания халқына бақ-береке тіледі.
