Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 20:00-дегі жағдай бойынша ақпаратты назарға ұсынды деп хабарлады astana24.com.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер мынадай:
Республика бойынша сағат 20:00–де тізімге енгізілген сайлаушылардың 58,55% дауыс берді.
Еске сала кетейік, бүгін 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті.
Айта кетейік, партиялық тізім бойынша жеті саяси партия сайлауға қатысты. Олар: "Ауыл", Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы, Respublica, "Ақ жол", "Байтақ" және "Әділет" патриялары.
Сайлау науқаны аясында 228 мәслихаттағы 3 447 депутаттық мандат бөлінуге тиіс.
Сайлау қорытындысы дауыс беру аяқталғаннан соң бес күннен кешікпей жариялануға тиіс.
