in

Ауғанстанда мектеп маңында жарылыс болды: 10 оқушы қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті (видео)

Ауғанстанда мектептердің бірінің маңында жарылыс болды. Салдарынан кемінде 10 оқушы қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасаған astana24.com.

Телеарна мәліметінше, қайғылы оқиға 28 қарашада Кунар провинциясының Асадабад қаласында болды.

Провинцияның ақпарат және мәдениет департаменті ,асшысы орта мектептің жанында орналасқан тұрғын үйде жарылыс болғанын нақтылады. Ғимаратта тау-кен өнеркәсібіне қажетті динамит сақталғаны айтылды.

Ауғанстан Ішкі істер министрлігі тергеудің алдын ала нәтижелері бойынша жарылыс салғырттық пен абайсыздық салдарынан болғанын хабарлады.

Оқиға салдарынан кемінде 10 оқушы қаза тауып, тағы 110-ға жуық адам жарақат алғаны белгілі болды.

Телеарна тау-кен өнеркәсібі Ауғанстандағы негізгі сала екенін атап өтті. Алайда кәсіпорындардағы қауіпсіздік стандарттары көбінесе сын көтермейді, бұл жазатайым оқиғаларға әкеліп соғады.

🇦🇫 At least seven schoolchildren were killed and 99 people injured in an explosion near a school in Asadabad, Kunar province, Afghanistan, today. Early findings point to negligence at a nearby facility storing explosives for mining. The death toll could rise. https://t.co/t74OjWX4DF— World Wide Leak (@leaklive1) November 28, 2026