in

Қанша қазақстандық дауыс беріп үлгерді: ОСК сағат 14:00-дегі деректерді жария етті

ОСК Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттары сайлауында сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды astana24.com.

Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпараттарға сәйкес өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруі туралы алдын ала деректер:

Республика бойынша сағат 14:00-де тізімге енгізілген сайлаушылардың 45,46 пайызы дауыс берді.