Бүгін, 29 қарашада бүкіл ел бойынша Глубокое ауданында да барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде, деп хабарлады Глубокое ауданының әкімдігі.
Таңертеңнен бастап барлығы 13 округтік сайлау комиссиялары мен 41 сайлау учаскесінде сайлау комиссиялары өз жұмыстарына кірісіп, сайлау учаскелерінің ашылуын қамтамасыз етті. Бір сайлау учаскесі жабық түрде қызмет жасайды. Азаматтардың дауыс беруіне барлық қажетті жағдай жасалған.
Әрбір сайлаушы өз таңдауын дербес жасайды. Сайлауға қатысу – азаматтық құқықты жүзеге асыру ғана емес, сонымен қатар өз өңірінің болашағына деген жауапкершілікті сезіну.
Глубокое ауданының тұрғындары сайлу учаскелеріне баруда жоғары белсенділік танытуда.
Сайлауға тыл еңбеккерлері, байырғы тұрғындар мен ең жас алғашқы дауыс берушілер қатысуда.
Жасы ұлғайып, денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын және мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін үй жағдайында дауыс беру мүмкіндігі ұйымдастырылды. Сайлау комиссиясының өкілдері олардың шаңырағына барып, өз таңдауларын жасауына жағдай жасады.
