in

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы аяқталды

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы аяқталды. Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де еліміздегі барлық сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды astana24.com.

Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру аяқталды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де сайлау учаскелері жабылып, сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санауға кірісті.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша сайлаушылардың келу көрсеткіші 53,86 пайыз болған. Сайлаушылардың ең жоғары белсенділігі Түркістан облысында (69,84 пайыз), ал ең төменгісі Алматы қаласында (33,73 пайыз) тіркелді.

Айта кетейік, партиялық тізім бойынша жеті саяси партия сайлауға қатысты. Олар: "Ауыл", Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы, Respublica, "Ақ жол", "Байтақ" және "Әділет" патриялары.

Сайлау науқаны аясында 228 мәслихаттағы 3 447 депутаттық мандат бөлінуге тиіс.

Сайлау қорытындысы дауыс беру аяқталғаннан соң бес күннен кешікпей жариялануға тиіс.