Түркияда әскери тікұшақ құлады. Оқиға салдарынан бес әскери қызметші қаза тапты. Қайғылы оқиға туралы ақпаратты елдің Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды astana24.com РИА Новости-ге сілтеме жасап.
Басылым дерегінше, Түркия әскери-әуе күштерінің Eurocopter AS-532 үлгісіндегі тікұшағы сейсенбіде Эскишехир провинциясында апатқа ұшырады.
Бұл жаттығу кезінде болды.
BREAKING: A Turkish Air Force AS-532 helicopter has crashed during a training flight in Eskişehir, Türkiye. The wreckage has been located, and search and rescue operations are underway. https://t.co/TeSmJ5QfNA— Weather Monitor (@WeatherMonitors) November 24, 2026
Апаттың себептері әлі анықталған жоқ.
"Түркия әуе күштерінің тікұшақ апатынан бес әскери қызметшіміз қаза тапты", – деп мәлімдеді Түркия Қорғаныс министрлігі.
#TurkeyWatch🇹🇷: A Turkish Air Force helicopter crashed during a training flight, killing FIVE crew members, near Eskişehir, Turkey. Just more confirmation of Hanke’s Schoolboy Theory of History: it’s just one damn thing after another. https://t.co/RhspPKhWzj— Steve Hanke (@steve_hanke) November 24, 2026
