Астана, Алматы мен Шымкенте 25 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда өткінші жаңбыр күтіледі. Күндіз ауа температурасы 11 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с болмақ.
Астанада, синоптиктердің болжамынша, күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 4 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,3 м/с болады.
Шымкентте бүгін жауын-шашынсыз, күн бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 19 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,6 м/с деңгейінде болмақ.
