"Сүлеймен сұлтан" сериалындағы Шах-сұлтан рөлімен танымал актриса Дениз Чакыр мен басқа да түрік жұлдыздары ұсталды, деп хабарлайды astana24.com Haberler-ге сілтеме жасап.
Стамбұл прокуратурасы 35 күдіктіні ұстау туралы шешім шығарды. Олардың арасында Түркия шоу-бизнесінің жұлдыздары да бар.
Әнші Өзджан Дениз, Дениз Чакыр, Эрдал Бозкуш және Джем Карджының ұсталғаны белгілі болды.
Тізімге актриса Бурджу Озберк пен Survivor жүргізушісі Мурат Джейлан да ілікті.
Жүргізіліп жатқан тергеу есірткі заттарын сату, жеткізу, тұтыну және сақтауды ғана емес, сондай-ақ жеңгетайлық жасады деген айыпты да қамтитыны аталып өткен.
Қазіргі уақытта 35 күдіктінің 19-ы ұсталғаны белгілі. Қалған күдіктілерге қатысты іс-шаралар мен тергеу жалғасуда.
