Қытайда парақорлық ісі бойынша Чжэцзян провинциясы губернаторының бұрынғы орынбасары өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған astana24.com.
Қытайдың орталық телевизиясына сілтеме жасаған басылым Чжэцзян провинциясы Халық өкілдері жиналысы тұрақты комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары әрі провинцияның бұрынғы вице-губернаторы Гао Синфу өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Жазаны орындау екі жыл мерзімге шегерілген.
Сот 2004-2025 жылдар аралығында сотталушы түрлі лауазымды атқарған уақытта қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 28,9 миллион доллардан астам (13 миллиард теңгеден астам) қаражатты заңсыз иемденген.
"Цзянси провинциясы Ичунь қаласының орта сатыдағы халық соты Чжэцзян провинциясы ХӨЖ ТК төрағасының бұрынғы орынбасары Гао Синфуға қатысты пара алу ісі бойынша көпшілік алдында үкім шығарды. Сотталушы өлім жазасына кесілді, жаза екі жыл мерзімге шегерілген", – делінген хабарламада.
Сотталушы, сондай-ақ, өмір бойына саяси құқықтарынан айырылады, ал оның барлық мүлкі мемлекетке өтеді.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, құқық қорғау органдарына көмектескен, сол үшін өлім жазасы екі жылға кейінге қалдырылды.
