in

Сыртқы істер министрлігі Балидегі ауа райы жағдайына байланысты қазақстандық туристерге үндеу жасады

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Балиге сапар шегуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға үндеу жасады. Аралда жауын-шашын салдарынан күрделі жағдай қалыптасқан, деп хабарлайды astana24.com КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасап.

СІМ Балидегі жағдайға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Балиге сапар шегуді жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеру ұсынылады. Ведомство өкілдері арал билігі әзірге елге кіруге ешқандай шектеу қоймағанын хабарлады. Бірақ саяхатшыларға олардың нұсқауларын орындауға кеңес берді.

Туристар арасында танымал Бали нөсерден кейін су астында қалды. Индонезия аралының кейбір көшелерінде көлік қозғалысында қиындықтар туындады. Тіпті құтқарушылар кейбір адамдарды эвакуациялауға мәжбүр болды. Алайда туристік аймақта ұзаққа созылған жаңбыр жылдың бұл мезгілінде жиі болып тұрады. Қазақстанның СІМ өкілдері хабарлағандай, жергілікті билік кіруге шектеу қоймайды. Бірақ жақын арада Балиге баруды жоспарлап отырғандарға сапарларын мұқият жоспарлап, арал әкімшілігінің нұсқауларын орындауы қажет.

Дереккөз: КТК