Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасаған astana24.com.
"25-26 қараша күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен барады", – деп хабарлады Айбек Смадияров өзінің Telegram-дағы арнасында.
Оның айтуынша, сапар аясында мемлекеттер басшылары кездесу өткізіп, Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қазақстан президенті жасанды интеллект тақырыбына арналған AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
