Бүгін, 25 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған astana24.com.
Президенттің баспасөз қызметі Мәскеу әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей үкіметінің ресми тұлғалары қарсы алғанын хабарлады.
Мемлекет басшысының РФ-ға AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысу үшін барғаны атап өтілді.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен баратыны белгілі болған еді. Сапар 25-26 қарашаға жоспарланған.
