Қазақстанда орташа зейнетақы 288,7 доллар шамасында. Еліміз ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында төртінші орында тұр. Қазақстан Беларусь, Әзербайжан және Ресейден артта қалған. Толығырақ – astana24.com сайтында.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстандағы жиынтық зейнетақы 197 446 теңге. Бұл сома үш құрамдас бөліктен қалыптасады:
Алайда Finprom порталы атап өткендей, жинақтаушы бөлікті алып тастаса, қазақстандықтардың зейнетақысы әлдеқайда төмен болады.
Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының 2026 жылғы ақпандағы деректері бойынша, Қазақстан ТМД елдері арасында орташа зейнетақы мөлшері бойынша төртінші орынды иеленді. Көрсеткіш – 288,7 доллар немесе ақпандағы орташа бағамды есепке алғанда шамамен 143 163 теңге.
Қазақстан зейнетақы мөлшері бойынша қай елдерге жол берді
Рейтингте үш ТМД елі Қазақстаннан жоғары тұр. Бірінші орын Беларусьте – 374,1 доллар немесе 185 512 теңге. Одан кейін Әзербайжан тұр – 340 доллар немесе 168 603 теңге. Үздік үштікті Ресей түйіндеді – 328,7 доллар немесе 162 999 теңге.
Өзбекстанда орташа зейнетақы шамамен 134 доллар (66 449 теңге), Арменияда – 129,4 доллар (64 169 теңге), Қырғызстанда – 128,4 доллар (63 672 теңге) құрады. Ең төменгі көрсеткіш Тәжікстанда тіркелді – 68,8 доллар (34 117 теңге).
Орташа зейнетақының ең төменгі жалақыға (ЕТЖ) қатынасы да әртүрлі:
Сарапшылардың айтуынша, атаулы зейнетақы мөлшері әрқашан зейнеткерлердің нақты жағдайын көрсете бермейді. Сондай-ақ елдегі инфляцияны да ескеру қажет.
Мәселен 2022-2025 жылдарда Беларусь қарастырылып отырған кезең бойы нақты зейнетақы өскен жалғыз ТМД мемлекеті болды. Жекелеген жылдары өсім 9,1-9,7 % болды.
Өзбекстанда да зейнетақының нақты мөлшері 2023 жылдан бастап өсті. Алайда өсу қарқыны біртіндеп баяулады: 2023 жылы – 9,5%, 2024 жылы – 5,6%, ал 2025 жылы – 2,5%.
Ал Қазақстанда жағдай күрделірек. Төрт жыл ішінде нақты өсім тек екі рет тіркелді, ол бар болғаны 0,1-0,6 % болды. 2025 жылы зейнетақы 8,5%-ға өсті, алайда инфляция 12% болды – нәтижесінде нақты зейнетақы 3,8%-ға құнсызданды.
ТМД елдері арасында ең жоғары орташа зейнетақылардың бірі Қазақстанда сақталып отыр. Ел аймақтағы көптеген мемлекеттен алда. Алайда нақты зейнетақылардың динамикасы төлемдердің жоғары мөлшері олардың сатып алу қабілетінің сақталғанын әрқашан білдіре бермейтінін көрсетеді.
