Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда 35-44 жас аралығындағы азаматтардың жалақысы жоғары. Кейін ол азая бастайды. Бірақ бұл жұмыскердің қартаюынан емес, экономиканың жастық профиліне байланысты. Толығырақ – astana24.com сайтында.
Жұмысшының жалақы мөлшеріне көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде біліктілігі, тәжірибесі және тіпті қызмет саласы бар, мысалы бірдей лауазымға экономика саласына байланысты әртүрлі айлық төленеді.
Ал қоғамда еңбекақы мөлшеріне адамның жасының да әсер ететіні туралы пікір бар. Мысалы статистика бойынша да қазақстандықтардың табысы 35-44 жас аралығында шыңына жетіп, жас ұлғайған сайын төмендейді.
Алайда экономист Руслан Сұлтанов Telegram-дағы арнасында жазғандай, бұл 44 жастан әрі қарай барлық маманның табысы сөзсіз төмендейді дегенді білдірмейді.
Статистика басқа нәрсені көрсетеді.
Сарапшының айтуынша, 2026 жылғы сәуірдегі деректер бойынша елдегі орташа сағаттық төлем 2 508 теңге болды. Бұл ретте табыс жас мөлшері арасында біркелкі емес:
Яғни 35-44 жастағы мамандар жастарға қарағанда орта есеппен 58 пайыз артық табады. 44 жастан кейін көрсеткіш төмендей бастайды: зейнеткерлік алдындағы жастағы топта (55–64) ол максимумнан 18 пайыз төмен.
Осыдан кейін барлық қазақстандықты бірдей сценарий күтіп тұр деген әсер қалуы мүмкін – Алайда, экономист түсіндіргендей, бұл цифрлар – бір адамның өмірлік кестесі емес, белгілі бір уақыт аралығындағы экономиканың жастық профилі.
"Статистика бір адамның мансабындағы жалақысын бақыламайды, әртүрлі жас тобындағы түрлі адамдарды салыстырады. Сондықтан біздің алдымызда жеке табыстың сөзсіз төмендеу кестесі емес, экономикадағы еңбекақының жастық профилі тұр", – дейді сарапшы.
Қазір жастар мен 44 жастан асқан тұлғалар неге аз алады
Руслан Сұлтанов Қазақстандағы жас топтарының жалақысы бойынша қазіргі статистикалық көріністі қалыптастыратын төрт факторды бөліп көрсетеді:
Бұл ретте жастардың (16-24 жас) табысының төмен болуы тәжірибе тапшылығынан және бастапқы позициялардың жоғары үлесінен деп түсіндіріледі. Дегенмен сарапшы бұл тек жалпы тенденциялар екенін айтады: жас жұмыскер тәжірибелі жұмыскерге қарағанда әркез аз жалақы ала бермейді.
"Орташа жалақы Қазақстандағы ең жоғары сағаттық төлем 35-44 жас тобында шоғырланғанын көрсетеді. Бұл біліктілікті дамыту, мансаптық мүмкіндіктер және ұзақ мерзімді жинақтар туралы ойлануға себеп. Мамандық, сала, дағдылар және оларды жаңарту мүмкіндіктері маңызды", – деп атап өтті экономист.
