in

Қазақстанда доллар құны артты

Бүгін KASE-де доллар 5 теңгеге қымбаттады. Еуро бағамы да дәл осындай мөлшерде өсті, деп хабарлайды astana24.com.

Бір апта бұрын Қазақстандағы доллардың биржалық құны төмендеп, бірнеше күн бойы 445 теңге деңгейде тұрақтаған. Бірақ бүгін біршама өзгеріс байқалды.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) шетел валюталарының бүгінгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 448,72 теңгеге тең болды. Тәулік ішінде доллар құны 5 теңгеге өскен.

Обменные пункты в мегаполисах страны сегодня в 15:30, согласно данным портала Kurs.kz , установили следующие курсы покупки и продажи наличных долларов:

Kurs.kz порталының деректері бойынша, ел мегаполистеріндегі айырбастау орындарындағы бүгін, 19 қараша сағат 15:30-дағы бағам мынадай:

Астана: сатып алу – 445 теңге, сату – 452 теңге;

Алматы: сатып алу – 444-тен 450 теңгеге дейін, сату – 450-ден 452,7 теңгеге дейін;

Шымкент: сатып алу – 448-ден 449,5 теңгеге дейін, сату – 451-ден 452,5 теңгеге дейін.

Еуро бағамы да 5 теңгеден астамға өсті – оның орташақұны 493,22 теңгеге тұрақтап тұр.

Еуро бағамы ел мегаполистеріндегі айырбастау орындарында мынадай:

Астана: сатып алу – 490 теңге, сату – 500 теңге;

Алматы: сатып алу – 485-тен 494 теңгеге дейін, сату – 494-тен 500 теңгеге дейін;

Шымкент: сатып алу – 490-нан 494 теңгеге дейін, сату – 495-тен 500 теңгеге дейін.