in

Қазақстанда автонесиеге сұраныс неге азайды: өнеркәсіп вице-министрі жауап берді

Үкіметте өткен брифингте өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда автонесиеге сұраныстың төмендеуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды astana24.com тілшісі.

Брифинг барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда автонесиеге сұраныстың төмендеуі туралы сұраққа жауап берді.

БАҚ өкілдерінің айтуынша, көлік бағасы төмендегендіктен, жүргізушілерге көлікті несие алмай-ақ бірден сатып алу тиімдірек.

"Таңдау және сатып алу құқығы – әр азаматтың жеке еркі. (…) Біздің, Өнеркәсіп министрлігінің, үкіметтің мүддесі – азаматтарға ыңғайлы болуы үшін мүмкін болатын құралдар жиынтығын ұсыну. Халықтың көлік құралын сатып алу бойынша таңдау құқығы болуы қажет. (…) Бірақ біз статистика соңынан қуып отырған жоқпыз", – деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Журналистер автокөлік лизингі мәртебесін белгілейтін бұйрық 9 қазанда күшіне енгенін атап өтті. Олар вице-министрден бұл бағдарлама қазір қазақстандықтар үшін қолжетімді ме деп сұрады.

"Автокөлік лизингі қазақстандықтар үшін енді қолжетімді. Несие және бөліп төлеу жоспары бар", – деп жауап берді спикер.