Синоптиктер бүгін, 26 қарашада Астана, Алматы және Шымкентте күн райы қандай болатынын айтты. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы +15 градусқа дейін көтеріліп, түнде +3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.
Астанада сылбыр жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +9 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 12,0 м/с.
Шымкентте де бүгін сылбыр жаңбыр күтіледі. Күндіз термометр бағанасы +24 градусқа дейін көтеріліп, түнде +7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,4 м/с.
