in

Қуаныш Омарбековтің ұсталуы: "Қазатомөнеркәсіп" мәлімдеме жасады

"Қазатомөнеркәсіптің" баспасөз қызметі басқарманың бұрынғы мүшесі Қуаныш Омарбеков ұсталғаннан кейін АҚ тергеумен ынтымақтасып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды astana24.com.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты бойынша, "Қазатомөнеркәсіптің" басқарма мүшесі – өндіріс жөніндегі бас директоры қызметін атқарған Қуаныш Омарбековке және басқа да адамдарға қатысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар деген күдік бойынша тергеу іс-шаралары басталғанын хабарлайды.

Компания құқық қорғау органдарымен ынтымақтаса отырып, тергеуге көмек көрсетуде. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес компанияның тергеу кезеңінде түсініктеме беруге құқығы жоқ", – делінген мәлімдемеде. 

"Қазатомөнеркәсіп" өз жұмысын штаттық режимде жалғастырып жатқаны атап өтілді. Компания акционерлер мен басқа да тараптардың мүдделеріне сәйкес 2026 жылға арналған барлық өндірістік және қаржылық болжамдардың орындалуын растайды.

"Қазатомөнеркәсіптің" даму стратегиясы өзгеріссіз қалады және стратегиялық міндеттердің жүзеге асуы бекітілген жоспарларға сай жалғасады. 

Компания ашықтық, айқындық және кез келген құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаттарын ұстанады", – делінген мәлімдемеде.

"Қазатомөнеркәсіптегі" ұстау

Бүгін ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі "Қазатомөнеркәсіп" басқармасының мүшесі Қуаныш Омарбековтің, сондай-ақ басқа да адамдардың ұсталғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар "Қазатомөнеркәсіптің" баспасөз қызметі директорлар кеңесінің 24 қарашадағы шешімімен "Қазатомөнеркәсіп" басқарма мүшелері – коммерция жөніндегі бас директор Владислав Ерханұлы Байғожин мен өндіріс жөніндегі бас директор Қуаныш Алтынбекұлы Омарбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын хабарлады.

Бұдан бөлек, Қуаныш Омарбеков туралы не белгілі екенін жазған едік.