in

Сабақтастық пен тазалық символы: Іле ауданында "Таза өлке – таза жер" акциясы өтті

Бүгін Іле ауданында республикалық абаттандыру бағдарламасы аясында "Таза өлке – таза жер" атты ауқымды экологиялық акция өтті. Шараның негізгі нысандарының бірі "Үш ұрпақ" ескерткішінің аумағы болды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігі.

Мұнда зиялы қауым өкілдерімен бірге Іле ауданының мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен еріктілер бірлесе еңбек етті.

Акция өңірлік және республикалық БАҚ өкілдерінің назарын аударды. Сұхбат барысында қатысушылар "Үш ұрпақ" монументінің маңында жиналудың терең символикалық мәні бар екенін атап өтті: туған жерге деген қамқорлық — қазақстандықтардың барлық үш ұрпағын біріктіретін ортақ парыз.

Аталған аумақта мынадай жұмыстар жүргізілді:

"Киелі орындарымыз бен ескерткіштеріміздің тазалығы — мәдениетіміз бен тарихқа деген құрметіміздің көрсеткіші. Бүгін мұнда ауданға деген сүйіспеншілігін іспен дәлелдеп жүрген жастардың көп жиналғанына қуаныштымыз", — деді ұйымдастырушылар журналистерге берген сұхбатында.

Іле ауданының әкімдігі барлық қатысушыға және осы маңызды бастаманы жария еткен баспасөз өкілдеріне алғыс білдірді.

Тазалық — табалдырықтан басталады!