in

Түркістан облысында әжесі 18 жастағы немересіне бүйрегін беріп, аман алып қалды (видео)

Түркістанда 18 жастағы қызға 60 жастағы әжесі бүйрегін беріп, өмірін сақтап қалды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, түркістандық қария немересіне бүйрегін берген.

Айта кету керек, 18 жастағы бойжеткенге созылмалы бүйрек ауруының 5-сатысы диагнозы қойылған. Бұған дейін ол жыл басынан бері аптасына үш рет бағдарламалық гемодиализ қабылдап келген және кішкентай күнінен бір бүйрекпен өмір сүріпті.

Донор болуға өз еркімен келісім берген әжесі – 60 жаста. Бүйрегін беріп, немересіне жаңа өмір сыйлады. Облыстық клиникалық ауруханада жасалған кезекті операция сәтті аяқталған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Облыстық клиникалық ауруханасы (@okb_turkestan)