in

Қазақстанда грант конкурсына құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстанда 13 шілдеде білім беру гранты конкурсына қатысу үшін өтініш қабылдау басталады, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған astana24.com.

Орталықтың мәліметінше, талапкерлерден өтініш қабылдау 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы офлайн (виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн) немесе eGov арқылы онлайн тапсыруға болады.

Грант конкурсына қатысу үшін мына құжаттар қажет:

Қосымша ақпаратты ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына хабарласып білуге болады.