in

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстерінің саны аптасына 70-ке дейін артады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы 26 тамызда екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру туралы келісімге келді. Бұл туралы astana24.com порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Министрліктің Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, бұл келісім сауда-экономикалық және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға, инвестициялар тартуға, сондай-ақ туристік және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар тұрақты рейстердің рұқсат етілген санын аптасына 28 рейстен 70 рейске дейін ұлғайтты.

Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде әуе тасымалдаушылары Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты рейстер ашуды, сондай-ақ Сауд Арабиясының басқа қалаларына орындалатын бағыттардың санын арттыруды жоспарлап отыр.