in

ҰҚК Ақтау әуежайында «жұтқыштарды» ұстады

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "жұтқыштар" деп аталатын Қазақстанға есірткі жеткізудің кезекті контрабандалық арнасының жолын кесті. Бұл туралы astana24.com құзырлы органның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

2024 жылғы 21 ақпанда Ақтау қаласы халықаралық әуежайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД жедел уәкілдерімен шекарашылар ЭТД қызметкерлерімен бірге есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.

"Рентгеноскопиялық зерттеу олардың іш қуысында бөгде заттардың барын көрсетті. Арнайы медициналық процедуралармен шетелдіктердің азқазандарынан героин және синтеикалық есірткі бар 30-дан астам контейнер алынды. Алынған заттардың жалпы салмағы шамамен 1 кг болды", – делінген хабарда.

Сот шешімімен фигуранттарды қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық кодекстің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҰҚК өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайтынын мәлім етті.