Қазақстанда 22 шілдеде жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасаған astana24.com хабарлайды.
"Қазтелерадио" АҚ 22 шілдеде 2026 жылдың ІІІ тоқсанына арналған жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Осыған байланысты Астана уақытымен сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін еліміз бойынша ұлттық жерсеріктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың берілісі уақытша тоқтатылады.
Бұл жұмыстарды жүргізу болашақта тұрақты әрі сапалы хабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет", – делінген хабарламада.
"Қазтелерадио" АҚ уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
