in

30-34 градусқа дейін ыстық: бүгін Қазақстан мегаполистерінде күн райы қандай болады

8 маусымда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 28 градусқа дейін көтеріліп, түнде 18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с

Астанада аздаған жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,7 м/с.

Шымкентте бүгін күн аздаған бұлтты болады. Күндіз термометр бағанасы 34 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 4,5 м/с.