in

36 градус ыстық, өткінші жаңбыр: еліміздің мегаполистерінде бүгін ауа райы қандай болады

Астана, Алматы мен Шымкентте 17 маусымда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,0 м/с болмақ.

Астанада жаңбыр себелейді. Күндіз ауа температурасы 31 градусқа дейін жетіп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,5 м/с.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз термометр бағаны 36 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 5,9 м/с деңгейінде болмақ.