Алматының Алатау ауданында екі ер адам алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып, полицияға арызданды. Олар интимдік қызмет алу үшін қызға ақша төлеген. Алайда ақшаны алған қыз қонақүйден қашып кеткен, деп хабарлайды astana24.com ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы полициясының мәліметінше, екі ер адам интернеттен интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру тауып, қызбен кездесуге келіскен. Кездесу қонақүйлердің бірінде өткен.
Келісілген ақшаны алған қыз біраз уақытқа шығып келетінін айтып, ер адамдардан күте тұруды өтінген. Алайда ол қайта оралмаған.
Ер адамдар оны өз бетінше іздеп, көп ұзамай шағын азық-түлік дүкендерінің бірінен тауып алған. Осыдан кейін полицияға хабарласқан.
"Оқиғаға қатысушылардың барлығы аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталып, әр тараптың әрекетіне құқықтық баға беріледі",- делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)
