Синоптиктер Алматыда алдағы жеті күнде, яғни 5-11 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Күн райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.
Метеорологтардың мәліметінше, 5 қазанда Алматыда жаңбыр жауады. Орташа температура +7°C шамасында болады. Күндіз ауа температурасы +13°C-қа дейін көтеріліп, түнде +4°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 93 пайыз, желдің жылдамдығы – 4,7 м/с.
6 қазанда күн ала бұлтты, орташа температура +11°C шамасында болады. Сейсенбіде ауа температурасының максималды көрсеткіші +17°C-қа дейін жетіп, минималды көрсеткіші +2°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы – 55 пайыз, желдің жылдамдығы – 3,4 м/с.
7 қазанда күн ала бұлтты, орташа температура +13°C шамасында болады. Сәрсенбіде күндіз ауа температурасы +17°C-қа дейін көтеріліп, түнде +9°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 46 пайыз, желдің жылдамдығы – 2,7 м/с.
8 қазанда күн бұлтты, орташа температура +15°C шамасында болады. Бейсенбіде ауа температурасының максималды көрсеткіші +19°C-қа дейін жетіп, минималды көрсеткіші +12°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 37 пайыз, желдің жылдамдығы – 2,9 м/с.
9 қазанда күн ашық, орташа тәуліктік температура +15°C шамасында болады. Жұмада күндіз ауа температурасы +20°C-қа дейін көтеріліп, түнде +12°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 32 пайыз, желдің жылдамдығы – 2,6 м/с.
10 қазанда күн ашық, орташа температура + 16°C шамасында болады. Сенбіде максималды ауа температурасы +20°C-қа дейін көтеріліп, минималды температура +12°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы – 34 пайыз, желдің жылдамдығы – 2,6 м/с.
11 қазанда Алматыда өткінші жаңбыр күтіледі. Жексенбеді орташа температурасы +16°C болса, күндіз ауа температурасы +20°C-қа дейін көтеріліп, түнде +13°C-қа дейін төмендейді. Ауа ылғалдығы – 37 пайыз, желдің жылдамдығы – 3,2 м/с.
