in

Алматыда субұрқақтар қашан өшірілетіні белгілі болды

Алматы әкімдігі қаладағы субұрқақтардың қысқы кезеңге байланысты қашан толық өшірілетінін мәлім етті. Бұл жұмыс 10 қазанда аяқталады, деп хабарлайды astana24.com баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мегаполисте субұрқақтарды күзгі-қысқы кезеңге консервациялау жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс 10 қазанда аяқталады.

"Мамандар субұрқақ кешендерін қыс мезгіліне дайындап жатыр. Субұрқақтар өшіріліп, суы ағызылады, тостағандары мен жабдықтары тазартылады. Сондай-ақ мамандар инженерлік жүйелерді үрлеп, кептіреді, ал жабдықтың жекелеген элементтерін бөлшектеп, қысқы сақтауға дайындайды", – делінген хабарламада.

Консервация инженерлік желілер мен жабдықтарды аяздан қорғау үшін қажет және әр нысанның техникалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.

Жұмыс 10 қазанға дейін аяқталады деп жоспарланған. Қысқы кезеңнен кейін мамандар техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізіп, субұрқақтарды жаңа маусымға дайындайды.