in

Астана тұрғындары мен қонақтарына LRT станцияларының біріндегі өзгерістер туралы ескертілді

"Әуежай" LRT станциясының көшедегі кіреберісі шамамен 20-25 күнге жабылады, деп хабарлайды Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com .

Астана әуежайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, LRT "Әуежай" станциясының сыртқы кіреберісі уақытша жабылады.

"CTS компаниясының құрылыс жұмыстарын жүргізуіне байланысты әуежай аумағында орналасқан LRT "Әуежай" станциясының сыртқы кіреберісі шамамен 20-25 күнге уақытша жабылады", – делінген хабарламада.

Бұл ретте Астана халықаралық әуежайының 2-терминалын LRT станциясымен байланыстыратын жабық өткел ашық болады.

Әуежай сапарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруді сұрайды.