Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада LRT-ны ресми түрде іске қосты, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлікке, соның ішінде LRT жүйесіне мониторинг жүргізіп, жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, LRT жүйесін іске қосу аясында жеңіл рельсті көліктің арнаулы диспетчерлік қызметі жасақталған.
Қаладағы қоғамдық көлікке мониторинг жүргізу және оның қызметін реттеумен 21 маман айналысады.
Мемлекет басшысы жеңіл рельсті көліктің пайдалануға берілуі Астана мен еліміз үшін ерекше маңызды оқиға екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев елорда келешекте Еуразияның көлік хабына айналуға тиіс екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 001 сериялық карта берілді.
Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде "Әуежай" станциясынан "Ұлттық музей" станциясына дейін жүрді.
