in

Астанада LRT станцияларының бірі жолаушыларды қабылдауға дайын емес болып шықты

Кеше, 16 мамырда Астанада LRT салтанатты түрде іске қосылды. Бүгін 18 станцияның бірі әлі ашылмағаны белгілі болды, деп хабарлайды CTS-ке сілтеме жасай отырып astana24.com.

CTS мәліметі бойынша, іргелес инфрақұрылымның дайын болмауына байланысты "Жібек жолы" (№117) стансасы пайдалануға берілген жоқ, сондықтан уақытша жолаушыларды қабылдамайды.

Қазіргі уақытта қалалық қызметтер аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуде: асфальт жабынын төсеу, жаяу жүргіншілер және веложолдар салу, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары атқарылуда.

Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін "Жібек жолы" (№117) стансасы жолаушылар үшін ашылады.

Қалған стансалар жолаушыларды қабылдайды. Жұмыс уақыты сағат 6:00-23:00 аралығында.

Еске салсақ, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада LRT-ны ресми түрде іске қосқан еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от City Transportation Systems (@cts_kz)