in

Астанадан Дубайға бағыт алған ұшақ кері қайтарылды: Air Astana мәлімдеме жасады

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты Астанадан Дубайға ұшып кеткен рейсті кері қайтаруды және Алматыдан ұшатын рейсті тоқтатуды ұйғарды, деп хабарлайды astana24.com.

Әуе компаниясы Қазақстаннан Дубайға қатынайтын рейстерге қатысты хабарландыру жасады.

"Таяу Шығыстағы жағдайдың бүгін ұшығуына байланысты мынадай өзгерістер болды.

Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билеттердің құнын толық қайтару ұсынылады. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады.

Air Astana жағдайды мұқият бақылап, қалып қалған жолаушыларды шығару мәселелерін шешеді.

Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде", – делінген хабарламада.