Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар автожол учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтожолға" сілтеме жасаған astana24.com.
Компанияның мәліметінше, қайта жаңарту жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 27 маусым сағат 17:00-ден бастап Ақтөбе облысындағы "Самара – Шымкент" автожолының 763-773 шақырым аралығында ("Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын" учаскесі) қозғалыс уақытша шектелген.
"Шектеу Хромтау қаласы бағытына қарай жолдың оң жақ жүру бөлігінде қолданылады.
Көлік қозғалысы қарсы бағыттағы жолмен ұйымдастырылып, әр бағытқа бір жолақтан қозғалыс қамтамасыз етілген", – делінген хабарламада.
"ҚазАвтожол" жүргізушілерді уақытша жол белгілері талаптарын қатаң сақтап, жылдамдықты төмендетіп, жолда барынша мұқият болуға шақырады.
