Астана, Алматы мен Шымкентте 8 қарашада ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.
Бүгін Алматыда күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріліп, түнде 3 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,3 м/с болмақ.
Астанада жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 9 градусқа дейін жетіп, түнде -1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,5 м/с болады.
Шымкентте бүгін күн бұлтты болады. Күндіз термометр бағаны 26 градусқа дейін жетіп, түнде 12 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,9 м/с деңгейінде болмақ.
