in

Бүгін Қазақстан мегаполистерінде аптап ыстық күтіледі

2 тамызда Астана, Алматы мен Шымкентте күн райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды astana24.com.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, түнде 24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 3,8 м/с.

Астанада да жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,3 м/с.

Шымкентте де бүгін күн ашық, күндіз 41 градусқа дейін ыстық болады, түнде термометр бағанасы 27 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 8,6 м/с.